Ағымды жылдың 13 мамырында Қордай аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға Қордай аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Баян Қарамолдаева төрағалық етіп, оның жұмысына кеңес мүшелері Т.Сүгірбай, Е.Жомарт, А.Алматаева, М.Аманбаева, Н.Молдабеков, Ғ.Шарипова, К.Дургалова, Е.Тоқтағұлов, Э.Апаев және Р.Имашевалар қатысты.
2024 жылғы қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ-де зерделеу жұмыстары жүргізіліп, осы отырыста соның нәтижесі қаралды. Зерделеу қорытындысы бойынша ақпаратты аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Ердос Тоқтағұлов көпшілік назарына ұсынды. Ол өз сөзінде мекемеде бірқатар кемшіліктер анықталғанын тізіп шығып, оларды жою бойынша ұсыныстарын алға тартты.
Осыдан кейін Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов өз баяндамасында мекемеде қандай іс-шаралар өтетінін, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі және орын алған кемшіліктерді жою үшін іс-шара қабылдайтынын айтты. Мекеменің директоры Ерсін Ақпаев та өз жұмысы жайлы баяндады.
Ал кеңес мүшелері, мәселені талқылай келе жоғарыдағы аталған кемшіліктерді жоюға 1 ай мерзім уақыт белгіледі. Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ директорының атқарылған жұмыстары тыңдалып, аудандық кеңес нақты шешім қабылдады.
Мадина Узбекова