«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»

26 мамыр мен 26 маусым аралығында Қордай ауданы аумағында “Нашақорлыққа жол жоқ” атты акциясы өтуде.

0

Акция барысында Қордай аудандық полиция бөлімнің ұйымдастыруымен Қордай ауылындағы «Балауса» сауықтыру лагерінде жастармен нашақорлыққа байланысты пікір-таластар жүргізіліп, оларға «Біздің қоғамда есірткі қолдану және тарату мәселесі бар ма? Сіздің немесе сіздің таныстарыңыздың өмірінде мұндай жағдайлар орын алды ма? Сіздің нашақорлыққа көзқарасыңыз қандай?» — деген сауалдар қойылды.

Сонымен қатар Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері және ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, әртүрлі жас санатындағы тұрғындардың психотроптық заттарды қолданудың соңы қандай өкінішті жағдайларға ұрындыратыны жайлы ақпарат берді. Осы бағыттағы шаралар акцияның соңына дейін жалғасын табады.

 

Қордай аудандық полиция бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.