Наурыз мерекесі қарсаңында Ауқатты ауылында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Спорттық шараға ауыл жастары мен тұрғындары белсенді қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Турнир барысында қатысушыларға Наурыз мерекесінің мән-маңызы, ел бірлігі мен татулықтың қоғамдағы рөлі жөнінде де айтылды. Осындай спорттық шаралар ауыл жастарын біріктіріп, белсенділік пен ұйымшылдықты арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Шара соңында спорттық-сауықтыру кешенінің ұжымы қатысушыларға Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, 15 наурыз күні өтетін референдумның маңыздылығын түсіндірді.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң