Шара барысында ұлттық мәдениетті танытатын арнайы көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты бұйымдар, қолөнер туындылары, ұлттық нақыштағы жәдігерлер мен салт-дәстүрге қатысты көрнекіліктер ұсынылды. Көрмеге қойылған бұйымдар арқылы қатысушылар ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық өнер мен мәдениеттің ерекшеліктерімен танысып, оның мән-маңызы туралы кеңінен мағлұмат алды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлер туралы танымдық мәліметтермен бөлісіп, жастарға рухани құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай мазмұнды кездесулер ұлттық бірегейлікті сақтауға, жас ұрпақтың туған мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыруға және салт-дәстүрлерді келешек ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосады.
Осындай тағылымы мол шаралар арқылы ұлттық мәдениет пен дәстүр сабақтастығын нығайтуға, жастардың рухани дүниесін байытуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.