Некені тіркеу — жауапты қадам!

0

Неке қию-адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Үйлену тойына дайындалумен қатар, болашақ жұбайларда некенің тіркелуін қалай дұрыс ресімдеу, қандай құжаттарды дайындау, қайда жүгіну және қандай нәтиже болатыны туралы сұрақтар туындайды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Некені тіркеу шарттары яғни, некеге тұратын еркек пен әйелдің толық келісімі және олардың неке жасына, яғни 18 жасқа жетуі қажет.

Сонымен қатар, егер жұп алғаш рет некеге отырса және ортақ балалары жоқ болса, онда олар электрондық үкімет порталының онлайн-қызметінің көмегімен некені тіркеуге электрондық өтініш жібере алады. Ол үшін өтініш берушілердің екеуінде де ЭЦҚ болуы және оларды  eGov.kz порталында тіркеу қажет.

Бұл әдіс, мысалы, болашақ ерлі-зайыптылар бір қалада болмаса немесе басқа себеппен бірге АХАТ органдарына келе алмайтын жағдайда ыңғайлы.

Онлайн-өтінім беру кезінде құжаттарды ұсыну талап етілмейді – барлық мәліметтер автоматты түрде ақпараттық жүйелерден жүктеледі.

Қайта некеге тұрғандар неке бұзу туралы (қайтыс болу туралы) куәліктің түпнұсқасын қосымша ұсынады. Бірлескен балалар болған жағдайда да олардың туу туралы куәлігін ұсыну қажет.

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын беріледі.

Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні жүргізеді.

Егер бұл күн жұмыс емес күнге келсе, онда мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

Өтініш беру күнін дұрыс таңдау, онда тіркеу күні үйлену тойларының алдын ала белгіленген күніне дәл түседі – бұл ерекше назар аударуды талап ететін маңызды сәт. Кейде, білмегендіктен немесе зейінсіздігінен болашақ ерлі-зайыптылар белгілеген күндердің сәйкес келмеуін тауып алатын сирек жағдайлар туады, бұл кейбір қиыншылықтарға әкеп соғуы мүмкін.

Сонымен қатар Kaspi.kz мобильді қосымшасымен некені тіркеуге өтінімді төмендегідей береді.

Мемлекеттік қызметтер → Некені АХАТ-та тіркеуге өтінім сервисіне өтіңіз. Болашақ зайыбыңыздың не жұбайыңыздың ЖСН енгізіңіз, тіркеуден өтетін АХАТ-ты таңдап, ақысын Kaspi Gold-пен төлеңіз. Өтінішті алушы 24 сағат ішінде өтінімді растауы немесе қабылдамауы керек.

Егер өтінімді қалыңдық берсе немесе растаса, ол некеге тұрғаннан кейін кімнің (өзінің немесе күйеуінің) тегін алғысы келетінін көрсете алады.

Kaspi.kz мобильді қосымшасында өтінім расталғаннан кейін болашақ ерлі-зайыптыларға АХАТ мекенжайы мен некені тіркеу күні көрсетілген хабарлама келеді.

Ол алушы өтінімді растағаннан кейін 15-ші күнтізбелік күнге тағайындалады.

Егер келісім демалыс немесе мереке күні алынса, тіркеу күніне дейінгі мерзім бірінші жұмыс күнінен бастап есептеледі. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы немесе оның цифрлық нұсқасы болуы қажет.

М.Намазалиева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық АХАТ бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.