НЕСИЕ АЛУДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАСЫЗ

0

Енді әр қазақстандық несие мен шағын несие алуға өз атынан ерікті түрде тыйым сала алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасындағы және eGov.kz электронды үкімет порталының жаңа сервисін қолдану арқылы жасауға болады.

Сервиске өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта ерікті бас тарту қызметін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш беру арқылы алып тастауға болады

Несие алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының «Азаматтарға» — «Кеден және салықтар» — «Экономика және қаржы» бөлімінен алуға болады.

Айта кетейік, бұл сервис жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды жою құқығын біріктіруді көздейді және қарыз алушының несие тарихында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы мәліметтер болған жағдайда, банктер мен микроқаржы ұйымдарына жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізуге әзірлеген заңнамалық актілерге түзетулер шеңберінде жүзеге асырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.