Ноғайбай ауылдық округіндегі Р.Кунақова атындағы орта мектепте ауыл тұрғындарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізу ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – конституциялық реформалардың мәні мен мазмұнын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ олардың қоғам дамуына ықпалын тұрғындарға жеткізу болды.
Жиын барысында Ноғайбай ауылдық округінің әкімі Е.Ешмұрат баяндама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, халықтың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол бұл бастамалардың елдің орнықты дамуына негіз болатынын айтып, тұрғындарды қоғамдық маңызы бар мәселелерге белсенді араласуға шақырды.
Сонымен бірге мектеп директоры Ж.Байсалов сөз алып, Конституцияға енгізілетін толықтырулар ел болашағы үшін маңызды қадам екенін жеткізді. Кездесу барысында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар алды.