Ноғайбай ауылында референдумға белсенді қатысу: тұрғындар таңғы уақыттан дауыс беруде

0

Ноғайбай ауылдық округінің азаматтық ұстанымы берік тұрғындары №255 референдум учаскесіне таңғы уақыттан бастап келіп, өз таңдауларын жасай бастады. Учаске жұмысы Қазақстан Республикасының Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, ел тағдырына бейжай қарамайтын ауыл тұрғындары референдумға белсене қатысуда.
Дауыс беруге келген азаматтар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Учаскеде комиссия мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, дауыс беру үдерісінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде.
Алғашқылардың бірі болып келіп дауыс берген Дидар Асхарұлы бұл маңызды саяси науқанға қатысу әр азаматтың борышы екенін атап өтті. Ол өз сөзінде елінің болашағына бейжай қарамайтын нағыз патриот ретінде мемлекетіміздің ертеңі үшін жасалып жатқан игі бастамаға өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізді.
«Еліміздің дамуы мен болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан мен бүгін келіп, өз таңдауымды жасадым, болашақ үшін дауыс бердім!», – деді ол.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.