«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӨЗ КАНДИДАТЫН ҰСЫНДЫ

0

20 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті. Оның жұмысына «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Рүстем Дәулет, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықов және делегаттар қатысты. Жиынға аудандық филиал басшысы Рүстем Дәулет төрағалық етті. 

 

Мемлекеттік Әнұран тыңдалып болған соң төраға конференцияның күн тәртібімен таныстырды. Онда бір мәселе талқыға түсті. Ол «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат ұсыну туралы болды. Конференцияның жүргізу тәртібіне сәйкес жұмысшы органдары сайланып, мандат, хатшылық және санақ комиссиясының жеке құрамдары бірауыздан бекітілді. Мандат комиссиясының хабарламасын делегат, партия Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, мандат комиссиясының төрағасы Мадияр Қарабаев оқып, делегаттар тарпынан бірауыздан дауыс берілді. Содан кейін «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінен Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат ұсыну бойынша сөз «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Нұрдин Садықовқа берілді.

«Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Бетқайнар ауылдық округі әкімінің басқа қызметке ауысуына байланысты округ әкімінің сайлауы өте-ді.

Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының  9.8-тармағына сәйкес, партия Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросы Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынуы бойынша партия мүшелерінен түскен өтініштерді қарап, Бюрода талқылай келе Бетқайнар ауылдық округі бойынша партия мүшесі Бақытжан Құттықовтың кандидатурасын конференцияның қарауына енгізіп отыр. «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының ше-шімін қолдауларыңызды сұраймын», — деді хабарламашы. Ұсыныс делегаттар тарпынан бірауыздан қолдау тапты.

Келесі кезекте «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясының қаулысы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.