Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері-нің шығармашылық мұрасын насихаттау мақса-тында жақында Қордай аудандық орталықтан-дырылған кітапханалар жүйесінің Орталық кітап-ханасында «Оқуға құштар жүректер» атты облыс-тық жас оқырмандар байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара қазақ ақын-жазушылары Сапарғали Бегалиннің — 130, Өтебай Тұрманжановтың — 120, Сансызбай Сарғасқаевтың — 100 және Асқаржан Сәрсектің — 75 жылдық мерейтойларына арналды. Байқауда қатысушыларға осы ақын-жазушылардың шығармаларынан көркем сөз (театрландырыл-ған көрініс) орындау тапсырмасы, өзін-өзі таныстыру, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің портреттік бейнелерін табу және
сұрақ-жауап турлары ұсынылды. Мектеп жасындағы 10 қатысушы байқауға жақсы дең-гейде дайындалып келгендіктен, тартыс қыза түсті. Әсіресе негізгі тапсырма бойынша балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы «Мәңгілік Ел» (жетекшісі Ү.Тұрлыбаев) үйірмесінің шәкірттері және №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп оқушылары жақсы өнер көрсетті. Авторлардың шығармаларын кезек-кезек 6-7 минут бойы мүдірмей, жаңылмай айтып шықты.
Байқауға Д.Қонаев атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері мен аудандық орталық кітапхана директоры М.Жүнісқұлова қазылық етіп, әділ шешім шығарды. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Анеля Нұрлан, ІІ орынды №43 орта мектептің шәкірті 2 сынып оқушысы Айзере Алмасбек І орынды балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының (БЖШО) қатысушысы Нұрай Тұрғанбай (8-сынып) және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы «Мәңгілік Ел» үйірмесінің оқушысы Ақнұр Сәрсенбай бас жүлде иегері атанып, облыстық байқауға жолдама ұтып алды.
Дарынды балаларға сәттілік тілейміз!
Анжела ИЗАЕВА