ОҚУШЫЛАРҒА ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

0

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету» тақырыбында Жамбыл ауданында орналасқан «Мөлдір-Бұлақ» және «Болашақ» сауықтыру лагерлерінде жазғы демалысын өткізіп жатқан мектеп оқушыларына тренинг өткізді. Сонымен қатар тренинг жүргізуге өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі Амина Мейірбек те өзінің үлесін қосты.

Мектеп оқушыларына арналған тренинг жастарға қазақстандық бірегейлікті, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеуді көздейді. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың өңір этностарының мәдениеті мен дәстүрлерінің алуан түрлілігіне толерантты қарым-қатынасын дамыту.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.