ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ ӨМІРДІ СЕЗІНДІ

0

Қарасу ауылдық округінің әкімдігі аппараты мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Өтеген» шекара бөлімшесінде танымдық шара өткізілді.

Аталған шараға №7 Александр Пушкин атындағы орта мектебінің, №53 Жайлы мектептің, сондай-ақ №8 Өтеген батыр атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында оқушылар әскери қызметшілердің күнделікті өмірімен, шекара бөлімшесінің қызмет бағытымен танысып, сарбаздардың тәртібі мен жауапкершілігі, әскери қызметтің маңызы мен ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарды алды. Сонымен қатар, әскери тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және азаматтық борышты өтеудің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек қатысушыларға әскери техника мен құрал-жабдықтар таныстырылып, сарбаздардың күнделікті атқаратын қызметтері көрсетілді. Бұл өз кезегінде жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып, Отан қорғау жолындағы жауапкершілік сезімін нығайта түсті.

Аталған танымдық іс-шара жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталып, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына оң ықпал ететіні анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.