ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

0

Жуырда Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектепте гуманитарлық пәндерге арналған «Дарынды оқушыларды анықтауда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында мұғалімдерді дарынды оқушыларды тануға, олармен жұмыс жүргізу мүмкіндіктерімен таныстыру; шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту. Директордың ғылыми әдістемелік орынбасары Г.Сейтжанова «Дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдердің маңызы» тақырыбында коучинг-сессия өткізді, ал қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі М.Омарова 9 «а» сыныбында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы кейіпкер әлеміне сипаттама тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тарих пәні мұғалімі А.Балбекова 8 «ә» сыныпта «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ағылшын тілі мұғалімі Р.Темирбаева «Types of food 2» 2 «а» сыныбында ашық сабақ берсе, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Ф.Абаскулова 3 «ә» сыныпта «Первый учитель» сабағын өткізді. Үш мемлекеттің салт -дәстүрін тамашалауға «Салт-дәстүрін танытсын – үш тұғырлы тіл» атты орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Татенова сыныптан тыс іс-шара өткізді. АББ-нің әдіскері Ақбота Абдіқамал семинар өте керемет деңгейде өтті деген өзінің пікірімен бөлісіп, ұстаздарымызды мақтау қағазымен марапаттады.
«Ұстаз болу жүректің батылдығы», демекші батыл жүректі ұстаздарымыздың әр күні жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруге арналуда. Істеріңізге сәттілік, әріптестер!

Дәмегүл БАХЫТЖАНОВА, бастауыш сынып мұғалімі
Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.