Оңалту орталығында байқау өтті

Low section view of a man sitting in a wheelchair
0

2015 жылы Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялады, осыған орай он жылға жуық уақыт бойы оның ережелерін мүгедектігі бар адамдардың өмірінің барлық салаларына енгізу белсенді жүргізілуде. Мүгедектігі бар адамдарды жан-жақты әлеуметтік қолдаудың негізгі мақсаты-олардың қоғамға толыққанды қатысуы, өз әлеуеттерін іске асыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау. Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі.

«Жанашырлыққа жан риза» дегендей, адам өміріндегі ең игі істердің бірі- мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік береді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның-азаматтық парызы.

Осы атаулы күнге орай аудандық «Мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығында»  орталықтың мамандары мен жігіттерінің қатысуымен «Күзгі сайыс»  байқауы өтті. Байқауда балалар таныстыру, өз-өнері, сән-үлгісі, мақал-мәтел, ас-мәзірі бойынша сынға түсті. Әр топта бір бала, бір маманнан қатысты. Бір топ таныстыруы мен көзге түссе, келесі топ сән үлгісімен таңғалдырып, өз өнерлерімен тамсандырды. «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атағын орталық тәрбиеленушісі Нұртөре мен Дина апайы  жеңіп алса,  қалған балалар апайларымен бірге «Көрермендер көзайымы», «Өнерлі топ», «Сегіз қырлы бір сырлы», «Сәнқой», «Тапқыр топ» номинациялары на ие болды.  Осы күні қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін ата-аналар да  сыйлықтар мен алғыс хатпен марапатталды.

Н.Жаманқұлова,  әдіскер

Leave A Reply

Your email address will not be published.