Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «United Concrete Canvas» ЖШС-нің өкілдерімен кездесті. Кездесуде шетелдік инвесторлар ағын су каналдарын бетон төсемдерімен (иілгіш) жабдықтауға арналған жобаларымен таныстырды.
Кездесуге қатысқан «United Concrete Canvas» ЖШС-нің бас директоры Ильдар Ямалиев, акционерлер Иэн Вудкок, Нұржан Бимендин Дастенұлы жобаның ағын су тапшылығын шешуге оң әсерін жан-жақты жеткізді. Олардың айтуынша, бетон төсемдерін су каналдарына төсеу арқылы монтаж жұмыстарына кететін уақыттан ұтуға, ылғал шығынын айтарлықтау азайтуға мүмкіндік береді.
Компания пилоттық режимде Белқожа каналының бір бөлігіне өз жұмыстарын жүргізіп, көрсеткен.
Облыс аумағында 300-ге жуык су каналы бар екенін баса айтқан облыс әкімі аймақ үшін ылғалды үнемдеуге негізделген бұл жобаның маңыздылығын атап өтті. Ербол Қарашөкеев компания өндірісін жергілікті жерде жүзеге асырудың маңызыдылғын жеткізіп, облыстан зауыт салуды ұсынды. Ол үшін өңірде цемент өндірісі де жолға қойылғанын тілге тиек етті.
Аймақ басшысы инвестициялық жобаны қолдау, инфрақұрылым мәселесін шешу, қолайлы аумақты таңдау бойынша мемлекет және жергілікті билік тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдауданатынына сендірді.
Тараптар барлық мүмкіндерді жан-жақты қарастыруға келісті.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі