Облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 13 орын

Dangerous river swimming accident. Strong river current.
0

Тараз қаласы бойынша 2 орын:

Талас өзені Тараз-Алматы автомобиль жолының бойында, Талас өзені арқылы өтетін көпірдің жанында;

Талас өзені, «Тектұрмас» кесенесі маңындағы аумақ;

Жамбыл ауданы бойынша 1 орын: «Сеңгірбай» су қоймасы;

Жуалы ауданы бойынша 2 орын Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы

Қарабастау бұлағы;

Қордай ауданы бойынша 2 орын:

«Алмаз» су қоймасы;

«Саяхат» көпшілік демалыс орыны;

Сарысу ауданы бойынша 1 орын «Орталық саябақтағы көл»;

Талас ауданы бойынша 2 орын:

«Жартас» су қоймасы;

«Пионер» су қоймасы;

Шу ауданы бойынша 3 орын:

Тасөткел су қоймасы, Белбасар ауылы;

Шу өзені «Ақ жайлау»;

Шу өзені 109 шақырым.

Еске сала кетсек, Қордай ауданы аумағы бойынша барлық су қоймаларда шомылуға тиым салынған. Жекелей тоқтала кетсек Төтенше жағдай қызметі «Қарқоңыз», «Қақпатас», «Ешкілі-Қордай» су қоймалары, «Георгиевский» каналының оң және сол жақ жағалауы, Ырғайты өзені және Шөміш көліне шомылуға болмайтынын ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.