Облыста үздік атанды

0

Салтанатты шарада өңір басшысы сөз алып, 2024 жыл жамбылдық спортшылар үшін есте қаларлық және табысты болғанын атап өтті. Ол қасиетті Әулиеата жерінен шыққан спортшылардың есімі төрткүл дүниеге танылғанын мақтанышпен айтты.

Биыл еліміз бойынша Жамбыл облысы «Үздік спорттық өңір» атанды. Республикалық, халықаралық додаларда өңір спортшылары 1 800-ге жуық медальға ие болды. 885 жамбылдық спортшы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, толағай жетістіктерге жетуде. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аймақтан 17 спортшы қатысып, 18 медальға ие болды. Жамбыл облысында 2 353 спорт нысаны бар болса, оның 111-і 2024 жылы бой көтерді. Нәтижесінде спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халық саны — 40,2-ден 41,2 пайызға ұлғайды. Ербол Қарашөкеев мемлекет тарапынан спортшыларға айрықша қамқорлық жасалып отырғанын айта келе, сала үздіктеріне құрмет көрсетті. Атап айтқанда, жыл қорытындысы бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі «Үздік спорт бөлімі – 2024» номинациясын еншіледі. Әрине, 2024 жыл аудандық спортшылар үшін түрлі жетістіктерге толы болды. Келер жылдан да күтер үміт көп. Сондықтан, байрақты бәсекелерде жерлестерімізге жеңіс тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.