Облыстық «Тамыры терең – Таразым» байқауының ЕРЕЖЕСІ

0

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ                                                                                                                                                                   

Жас буынды кітап оқуға тарта отырып олардың  шығармашылығын қолдау, сөздік қорын дамыту, сөйлеу әдебі мен мәдениетін қалыптастыру арқылы рухани дүниесін байыту. Ауызекі тілде  сөйлеу дағдыларын жетілдіру, көркем әдеби тіл нормаларын терең игерген жастарды тәрбиелеу және туған өңірінің тарихын таныту мақсатында Жамбыл облысындағы колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Тамыры терең – Таразым» байқауын ұйымдастыру.

 

ІІ. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Байқауға Жамбыл облысындағы колледж (1 курс) студенттері мен мектеп оқушылары (8-10 сынып) қатыса алады.
  2. Қатысушы қалалық/аудандық білім бөлімдеріне тіркеліп, арнайы үлгідегі сұранысты ato.uvp@mail.ru электронды поштасына жолдауы керек.
  3. Қатысушы ұсынылған үш кітапті (қазақ және әлем балалар әдебиетінен бір-бір кітаптан, балаларға арналған аңыз-ертегілерден бір кітап) бір айда оқып шығуы тиіс.

Байқауға қатысушы үміткерлер @okq_zhambyl инстаграм парақшаға тіркелуі міндетті.

Сонымен қатар байқауға қатысушы үміткер:

— Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерінен, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тарихына, бүгініне байланысты сұрақтар бойынша танымдарын көрсететіп, бақ сынасады.

 

ІІІ. БАЙҚАУДЫҢ ӨТІЛУ ТӘРТІБІ

Облыстық байқау екі кезеңнен өтеді.

— Бірінші кезең: Негізгі талаптарға сай байқауға қатысушы үміткерлер Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдері арқылы тіркеліп, бір айдан соң қалалық және аудандық байқауда оқуға берілген  кітаптар мен қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерінен, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тарихына, бүгініне байланысты сұрақтар бойынша сынға түсіп, бес жеңімпаздан анықталады.

— Екінші кезең: Тараз қаласы мен аудандардағы ең үздік атанған елу бес оқушы Тараз қаласында желтоқсан айында өтетін байқаудың қорытынды және марапаттау салтанатына қатыстырылады.

— Байқаудың қорытындысы Тараз қаласының өнерпаз балаларының мерекелік концерті және «Тарихы терең – Таразым» атты көне де жаңарған шахардағы саяхатпен жалғасады.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

Байқау жеңімпаздарына жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар:

— І орын жүлдесі– 200 000 тг. (бір);

— ІІ орын жүлдесі – 150 000 тг. (бір);

— ІІІ орын жүлдесі – 100 000 тг. (екі);

— Арнайы номинация жүлдесі — 50 000 тг. (үш).

Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.

 

V.БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі».

Анықтама және қосымша мәліметтер үшін: — Тел.: 87013214183

Нұрақбаев Ринат Даниярұлы

ЕСКЕРТУ: Байқауға қатысушы үміткерлер арнайы көрсетілген

@okq_zhambyl инстаграм парақшаға тіркеліп, оқып отырған кітаптан алған әсері немесе қызықты сәттерімен аптасына бір рет видео арқылы бөлісіп отыруы тиіс. Әлеуметтік желідегі қаралымдар мен пікірлер қорытынды ұпайға әсер етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.