ОКРУГ ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

0

25 сәуірде Масаншы ауылдық мәдениет үйінде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен семинар–кеңесі өтті. Онда Масаншы ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізудің дайындық жұмыстары жөнінде сөз болды. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысқан жиында «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру туралы» Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаев баяндама жасады. Келесі кезекте «Мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру туралы және дауыс беру күні мен тәртібі туралы сайлаушыларды хабардар ету» туралы Қордай аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Эльдар Күмекбай баяндама жасады. Үшінші сұрақ — сайлау комиссияларының мүшелеріне еңбек ақысын төлеу туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев түсініктеме берді.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.