ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖАЛҒАСУДА

0

2025 жылдың 1 тамызынан еліміз бойынша бастау алған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Қордай ауданында белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл маңызды науқан аграрлық сектордың шынайы жағдайын анықтауға, сондай-ақ фермерлер мен ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар туралы жан-жақты ақпарат жинауға бағытталған.

Санақтың алғашқы кезеңі — онлайн форматта өтіп жатыр және ол 31 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде респонденттер өз деректерін түрлі әлеуметтік желілер мен онлайн платформалар арқылы оңай әрі тиімді түрде ұсынуға мүмкіндік алады.

Интернет желісі нашар елді мекендер үшін аудандық әкімдіктер мен статистика бөлімдерінің ғимараттарында арнайы қызмет көрсету аймақтары ашылып, тұрғындарға барлық қажетті жағдай жасалуда. Бұл орталықтарда халыққа санаққа қатысу бойынша кеңес беріліп, ақпараттық қолдау көрсетіледі.

Респонденттерге сауалнамалар екі нұсқада ұсынылады — бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен жеке үй шаруашылықтарының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Мұндай тәсіл сауалнамаға жауап беруді жеңілдетіп, ақпараттың толық әрі нақты жиналуына ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы санағы ел экономикасының аграрлық саласын нақты бағалауға, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған тиімді шаралар қабылдауға негіз болады.

Айта кетейік, барлық санаттағы агроөнеркәсіп субъектілері sanaq.gov.kz сайты арқылы санаққа қатыса алады. Қосымша сұрақтар бойынша 1446 байланыс орталығына тәулік бойы хабарласуға немесе сайттағы чат-бот арқылы көмек алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.