ОРТАҚ ҮЙІМІЗГЕ ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

0

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жалпыұлттық акцияға Қордай ауданы тұрғындары белсенді қатысуда. Осы орайда аудан әкімдігінің қолдауымен аудан орталығындағы жасыл желекке аса мән берілуде. Сондай жұмыстар дүйсенбі күні аудан басшысы Бегзат Болатбековтың қатысуымен жалғасын тапты.

 

Аудан әкімі бас болып Қордай ауылы орталығында емен ағаштарынан бастап қылқан жапырақты, әртүрлі декоративті ағаштардың көшеттері отырғызылып, экологиялық акцияға серпін берілді. Нәтижесінде енді аудан ортасын жүздеген жасыл желек әдемі көрікке бөлеп, Қордайдың келбетін аша түсетіні анық.

«Бұл бір реттік акция емес, бұл – ортақ үйімізге деген қамқорлығымыз деп түсінген абзал. Қордайлықтар осы бастамаға қолдау танытып, туған жерді жасыл желекке бөліп, оның тазалығы мен тартымдылығына атсалысса, нұр үстіне нұр болары анық. Барша жерлестерімізді осындай шараларға белсенді қатысуға шақырамыз», – деді Бегзат Сейсенқұлұлы.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың өзінде жалпы аудан аумағында ағаш тігу, жыл бойы тазалыққа аса мән беру жұмыстары мықтап қолға алынған болатын. Осының қатарында ағаш отырғызу ісіне ерекше мән берілді. Соның нәтижесінде тек Қордай ауылы ғана емес, жалпы аудан бойынша мыңдаған жас талдар отырғызылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.