Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл және Таулы Қарабақтағы жанжалдың аяқталғанына 35 жыл толуына орай №23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, бейбітшілікке баулып, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында өткен шарада 10-11 сынып оқушыларына ерлік сабағы өтіп, әскери-спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқушылар Ауған соғысы және Таулы Қарабақ жанжалына қатысқан ардагерлермен кездесті. Кешке ауған соғысының ардагерлері М.Анарбеков, С.Искендеров, И.Ильясов ағаларымыз, сондай-ақ Таулы Қарабақ жанжалы кезінде интернационалдық борышын атқарған Б.Копбаев, Г.Байболатов, М.Смағұлов, Т.Муналов ағаларымыз қонақ ретінде шақырылып, оларға сый-құрмет көрсетілді. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ауылдық мәдениет үйінің әншісі Ж.Меңдібаев «Ардагер ағаларым» әнін, «Арлан» кадет сыныбы «Сарбаздар» әнін орындап, күй шертіліп, ардагерлерге арнаулар оқылды. Салтанатты кеште мектеп кітапханашысы Н.Мамытова «Боздақтар» атты кітапқа шолу жасап, елді жаудан азат елу жолында қаза тапқан батырлардың ерлігін тілге тиек етіп, жастарға бүгінгі бейбіт күннің қадірін білу қажеттігін айтты. Қатысушылар ұйымдастырылған шарадан ерекше әсер алып, тарқасты.
М.БИРГОЖАЕВ, №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің
АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы