Гвардейск гарнизонының инженерлік полкінде запасқа шығарылатын мерзімді әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті.
Тәжірибелі офицерлер мен сержанттардың жетекшілігімен сарбаздар техника, әскери машиналар мен инженерлік қарудың қыр-сырын меңгерді.
Запасқа кететіндер салтанатты түрде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін грамоталармен, сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Полк командирі, подполковник Қанат Мәжиев олардың адал қызметіне ризашылық білдіріп, алдағы уақытқа сәттілік тілеп, әрқайсысына жылы лебізін білдірді.
«Әскерде қызмет ету — құрмет қана емес, сонымен бірге зор міндет. Әскери қызмет – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл өмір салты. Осы жылы өздеріңізді шыңдай алғандарыңызға сенімдімін. Барлықтарыңызға қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын!», — деді ол.
Салтанатты қоштасу рәсімі мен командирлердің жігерлендіретін сөздері жастардың жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі