ОТАНДЫ ҚОРҒАУ — ІЗГІ БОРЫШ

0

Отанды қорғау – әр азаматтың борышы. Бұл туралы ҚР Конституциясында ҚР
азаматтары әскери қызмет атқаруы туралы қағидаттар құқықтар мен міндеттер
айтылған 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің
мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының №516 –IV Заңына, 2022 жылғы 4
наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген
мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару
және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз-маусымында
және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы»
№827 Жарлығының негізінде аудандағы қорғаныс бөлімінде ағымдағы жылда 18
жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтарды, кейінге қалдыру мен шақырудан босатылуы
жоқтарды, сонымен қатар оқу орындарынан шығарылған жастары 27-ге толмаған
және шақыртылу бойынша белгіленген әскери қызметтерін өтемеген азаматтарды ал-
дын ала зерттеп, мерзімді әскери қызметке іріктеу және дайындау жүргізу жұмыстары
жүргізіліп жатқанын хабарлаймын.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 387-бабымен әскери қызметтен жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қаралған. Жоғарыда аталған ҚР ҚК 1 бөлімімен заңды негізсіз әскери қызметтен жалтару үшін жауапкершілік қаралған – 1000 АЕК көлеміне дейін айыппұл салу немесе сол көлемде түзету жұмыстары, бір жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сондай мерзімге бас бостандығынан айыру. Әскери қызметтен жалтару үшін 2 бөлімінде қылмыстық нышандар құрамын ауырлататын жағдайлар мен өз денсаулығына зиян келтіру арқылы аурумын деп сылтаурату немесе жалған құжаттар жасап және өтіріктің басқа түрлерін айту 3000 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады немесе сол көлемде түзету жұмыстары немесе үш жылға бас бостандығын шектеу, болмаса сондай мерзімге бас бостандығынан айыру қаралған. Мерзімді әскери қызметке алынатын жасы келген азаматтар шақыру қағазын күтпей ақ, өздері Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге алдын ала ұйымдастыру, іріктеу және дайындалу және медициналық комиссиядан өту үшін келуі тиіс. Жанында жекекуәлігі, амбулаторлық картасы, білім туралы құжаттары, үйленген және бір немесе одан көп балалары барларға жұбайының жеке куәлігінің түпнұсқасы, неке туралы куәлігі, балаларының туу туралы куәліктері болуы қажет.
Н.МЕЛДЕБЕКОВ,
Қордай ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы майор

Leave A Reply

Your email address will not be published.