Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарға құрметті арттыру және патриоттық рухын көтеру мақсатында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы ұйымдастырылады.
Байқау аясында үш негізгі бағыт бойынша шығармашылық жарыстар өтеді:
- «Рәміздерім – мақтанышым» мобилографтар байқауы
Қатысушылар мемлекеттік рәміздер мен патриоттық символика, отансүйгіштік және елжандылық тақырыптарында қысқа бейнеролик ұсыну қажет.
Ұзақтығы: 30 секундтан 2 минутқа дейін.
Платформалар: TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts.
- «Елдіктің асқақ айбыны» шығармашылық байқауы
Қатысушылар мемлекеттік рәміздер мен патриоттық символика, отансүйгіштік және елжандылық тақырыптарында шығармашылық туынды ұсыну қажет:
- эссе (кемінде 1,5 бет (А4));
- өлең (кемінде 4-5 шумақ өлең жолдары);
- музыкалық шығармалар (ән, аспаптық композиция)
Барлық жұмыстар қазылар алқасына ұсынылады.
- «Туған жерім – Қазақстаным» байқауы
Пәтер иелері кооперативтері мен меншік иелері бірлестіктері мемлекеттік рәміздер, патриоттық символика және отансүйгіштік және елжандылық тақырыптарына арналған үйдің ғимараты мен ауласын мемлекеттік рәміздер стилистикасында безендіру, тұрғындар арасында оң әсер беретін жобаларды ұйымдастыру арқылы қатысады.
Безендіру және жобаларды байқауға ұсыну форматы:
- фото сурет (кемінде 5-10 фото, өлшемі: 20см*25см);
- бейнебаян (кемінде 1 минут).
Жалпы жүлде қоры: 4 500 000 теңге!
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 6-22 қазан аралығында
Қорытынды іс-шара: 25 қазан 2025 жыл, Республика күні
Өтетін орны: Астана қаласы
Өтінімдер: bolashakkazakhstan2025@mail.com
Байланыс: 8 (7172) 74 05 51