Отар ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды.
Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиынның басты мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық реформалардың мазмұны мен маңыздылығын тұрғындарға кеңінен түсіндіру, сондай-ақ олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау.
Кездесу барысында Отар ауылдық округі әкімінің орынбасары Б. Дауталин сөз сөйлеп, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің елдің одан әрі дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің мүшесі Р. Байтеміров өз пікірін білдіріп, Конституцияға енгізілетін толықтырулар елдің тұрақты дамуының берік негізі болатынын жеткізді.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.