«ОТБАСЫЛЫҚ СОТ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

0

Қордай аудандық сотының судьясы М.Алиманова «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға АХАТ бөлімінің басшысы С.Балпукова, Билер кеңесінің мүшесі Б.Байжігітов, медиаторлар және «Бастау» жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстелде неке-отбасылық дауларын сотқа дейін реттеуде татуластыру рәсімдерін қолданудың ерекшеліктері мен өзекті мәселелері, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асырудың көкейкесті мәселелері талқыланды.
Іс-шара нәтижесінде Билер кеңесінің және «Бастау» жұмыс тобы өкілдерінің қатысуымен отбасылық мәселелерді зерделеу, сондай-ақ БАҚ-та татуластыру рәсімдері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Татуластыру институтын тиімді қолдану дау-жанжалдарды төмендетуге және отбасын сақтап қалуға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға септігін тигізетінін еске саламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.