ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

0

Ағымдағы жылдың 21 тамызында «Анаға тағзым» ОҚО «Әлеуметтік қолдаудың заманауи алгоритмдері және кейс-менеджмент технологиясы негізінде отбасымен жұмыс істеу» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі және ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаидың арнайы қатысуымен өткен жиында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры, ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы – Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы модераторлық етті.
Конференцияның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетудің тиімді тетіктерін қарастыру, әлеуметтік салада заманауи тәсілдер мен кейс-менеджмент технологиясын енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру болатын.

21-22 тамыз күндеріне жоспарланған жиынның алғашқы күні пленарлық мәжіліспен ашылды. Жиынды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы ашып, отбасы институтын нығайту мен әлеуметтік қолдау жүйесін дамытудағы өңірлік бастамаларға тоқталды.

Сондай-ақ, конференцияда сөз сөйлеген ҚХА Республикалық аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Ыдырысқызы отбасы қолдау орталықтарының қоғамдағы рөлін ашып айтып, өңірлік деңгейде әлеуметтік сүйемелдеудің жаңа тетіктерін енгізудің маңызын атап өтті.

Әлеуметтік қолдаудың заманауи алгоритмдерін арқау еткен отырыста отбасын әлеуметтік сүйемелдеу және қолдау орталықтарының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі, психологиялық қолдаудың рөлі, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының өзектілігі сынды бірқатар мәселелер қарастырылып, арнайы мамандардың пікірлері тыңдалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.