ОТБАСЫНЫҢ АҚЫЛШЫСЫ

0

Саналы ғұмырын еңбек пен бала тәрбиесіне арнаған алтын құрсақты аналардың қолдары да алтын екені анық. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысқандары қаншама. Солардың бірі Қарасай ауылының тұрғыны Әуезхан Қамзақызы Кулчикова. Ауылдағы ағайын-туыс алдында зор беделді Әлімбай Кулчиковпен сонау 1957 жылы тұрмыс құрып, өмірге алты бала әкеліп, олардан немере мен шөбере сүйіп отырған ардақты әженің өмір жолы еңбектегі ерліктерімен ерекшеленеді. Кеңес заманында төрт рет Қордай аудандық халық депутаттары Советінің депутаты болып сайланған Әуезхан Қамзақызы көптеген марапаттарға ие болған. Бір кездері алмасымен аты шыққан Алмалыда (қазіргі Қарасай) ашылған шарап өңдеу зауытында атқарған зор еңбегі үшін бірнеше мәрте Құрмет грамотасымен марапатталса, 1974 жылы еңбек өнімділігін мейілінше жоғары сатыға көтеру жолындағы ерен еңбегі, халық шаруашылығы жоспарларын орындау, өнім сапасын жақсартудағы жемісті жұмысы үшін Социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, арнайы төсбелгімен марапатталған. Сонымен қатар, бүкілодақтық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай КАЗ КСР Жеміс-көкөніс шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасына ие болған. Бұлар Әуезхан Қамзақызының еңбек жолында алған марапаттарының бір парасы ғана. Бүгінде үйдегі ескі альбомдар ішінде архив болып жатқан қаншама марапаттарын атауға болады.  Еліміз егемендігін алып, зейнет жасына шыққан соң немерелердің тәрбиесімен айналысып, бүгінде үлкен отбасының ақылшы анасы, әжесі, арқасүйері болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.