ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ ӨНІМ СҰРАНЫСҚА ИЕ

0

Сортөбелік Зейнеба Хурова мен Айша Милосыны ауылдастары тігін шеберлері ретінде жақсы таниды. Ісмерлік өнерді жанына серік еткен жерлестер ұлттық нақыштағы киімдерді тігеді. Оның ішінде қалыңдық көйлегіне аса назар аударылады екен. Мәселен, ол көйлекте міндетті түрде бақыт пен сенім, қуаныш пен денсаулық, ұзақ өмір, байлық, күш символдары салынады. Ондай көйлектерге тапсырыс көршілес ауылдармен қатар Қазақстанның, Қырғызстанның үлкен қалаларынан да келеді екен. Қолдан жасалған сапалы дүниеге деген сұраныстың жоғары екенін осыдан ақ байқауға болады. Дүнген ұлтттық өнерінің ішінде ойып орын алатын тігіншілік дәстүрі анадан қызына, одан немереге өтіп келе жатқан тамаша дәстүр сабақтастығы. 12 жасынан осы өнерге ден қойған Зейнеба Хурова алғашында анасына арнап түрлі орамалдар тігіп бастаған, бертін келе нағыз шеберге айналады. Бүгінде жерлестерінің алғысын алып жүрген Зейнеба апай ән шырқағанды, сурет салып, ұлттық өнерді дамытуды жаны сүйеді. Ал, бүгінде 70 жасқа толып отырған Айша Милосы әжейдің қолынан шыққан киім мен өзге де дүнген ұлтының тігін өнері таң тамаша қалдырады.

Қалыңдық көлегін дайындауға тігіншілер 2-3 апта уақыт жібереді екен. Оның ішінде көйлек құрамына кіретін өзге де орамалдары мен өзге де ырымдық дүниелері бар. Бүгінде өз өнерлерін қыздары мен немерелеріне үйретіп жүрген жандарға табыс тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.