ПОЙЫЗ ЖОЛЫ БОЙЫНА МАЛ ЖІБЕРІЛМЕСІН

0

Алматы магистральдық желі бөлімшесінің филиалы «Алматы жол дистанциясының» мәліметі бойынша кейінгі кездері адам таситын жүйрік пойыздардың ауыл шаруашылығы малдарының шойын жолға шығып кету кесірінен шұғыл тормоз тежегіштерін басқан оқиғалары жиі кездесуде.

Мысалы, 2022 жылдың 12 айында Алматы-Отар учаскесінде 81 рет шұғыл тормоз тежегіштерін басып, 41-рет ірі-қара малмен соқтығысқан, бөгде адамдардың болу себебінен 3 шұғыл тоқтау жағдайы орын алған, олардың 3-і адамды басып кету оқиғалары; соның ішінде 1-дене жарақаттарын алумен, 2-орны толмас қайғылы қазамен аяқталды. Бұл келтірілген 1-2 мысал ғана, ал шындығына келгенде ауыл шаруашылығы малдары мен пойыздардың соқтығысу оқиғалары анағұрлым жиі кездесіп, локомотивті миллиондаған шығынға ұшыратуда. Сондықтан пойыздардың қауіпсіз жүруіне кепіл болу үшін шойын жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына ескертетініміз, малдарыңызды қараусыз қалдырмай ие болуларыңызды сұраймыз.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы №03-08 шешімімен бекітілген «Қордай ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау» Қағидаларының жалпы Ережелерінде көрсетілгендей, көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, темір жол және автомобиль жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру үшін жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасы негізінде ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елді мекен жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастырады. Сондықтан осы мәселеге байланысты темір жол аумағында орналасқан ауылдық округ әкімдігі жер-жерлерде осындай оқиғаларды болдырмау үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, келеңсіз оқиғаларды болдырмаудың алдын алу керек. Мал иесі өз жауапкершілігін түсінуі тиіс, өйткені апат болған жағдайда мал иесі жауап береді.

Б. САДЫРБАЕВ,
Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.