ПОЛИГОН ТӘУЛІК БОЙЫ БАҚЫЛАУДА

0

Қордай ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жүйелі түрде абаттандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде. Аудан әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес, полигон аумағында кешенді тазалау жұмыстары қолға алынып, ұзақ жылдар бойы қордаланған қалдықтар тазартылды.

Полигонның айналасы берік темір қоршаумен қоршалып, сыртқы ортамен шектелді. Бұл – тек рұқсат етілген тұлғалардың ғана кіруін қамтамасыз етіп, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған қадам. Сонымен қатар, санитарлық талаптарға сай тиісті инфрақұрылымдар жасақталды. Аумаққа жарық шамдары орнатылып, бейнебақылау камералары іске қосылды. Енді полигон аумағы тәулік бойы қадағалауда ұсталады.

Аталған жұмыстардың барлығы қоршаған ортаның ластануын болдырмау, экологиялық қауіпсіздікті арттыру және халық денсаулығын сақтау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Полигонды жүйелі бақылау тек қана тәртіпті күшейтіп қана қоймай, заңсыз қалдық тастау әрекеттерінің алдын алуға да мүмкіндік береді.

Жергілікті билік бұл жұмыстарды одан әрі жалғастырып, болашақта қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және қайта пайдалану жүйелерін енгізуді де жоспарлап отыр. Бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялауға бағытталған маңызды бастаманың бір бөлігі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.