Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық өндірушілердің жобаларымен танысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Машина жасаушылар форумы 1300-ден астам делегаттың басын қосты, оның ішінде Австрия, Германия, Италия, ҚХР және басқа да 20-дан астам елден келген жетекші өндірушілер, мамандар мен бизнес өкілдері бар.
Премьер-министр Олжас Бектенов форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде елімізде салаларды жаңғырту мен экономиканың тұрақты өсуінің институционалдық негізіне айналған жаңа Конституцияның қабылданғанын атап өтті.