ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

0

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жетісу облысын әлеуметтікэкономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

 Қазақстан ПремьерМинистрі Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуымен танысып, АӨК, өңдеу өнеркәсібін және туризмді дамыту, экономикаға қосатын үлесін а??????рттыру үшін ШОБты қолдау шаралары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Өңірде Үкімет басшысына Алакөл ауданы Үшарал қаласының әуежайында реконструкциялау нәтижесінде ірі әуе кемелерін қабылдай бастаған ұшуқону жолағының жұмысы туралы баяндалды. Нысан туристік ағынның өсуін ескере отырып, туризмді дамыту үшін ерекше маңызға ие. Бүгінде Астана, Алматы, Талдықорған қалаларына рейстер орындалады. Биыл әуе рейстерін субсидиялауға 653 млн теңге бөлінді, бұл құны 8-18 мың теңге болатын 20 мыңға жуық билетті сатуға мүмкіндік берді.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Президенттің биылғы маусым айында туризмді дамыту бойынша өткен кеңесте берген шағын авиацияны дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында өткізу қабілеті сағатына 75 жолаушыны құрайтын Үшарал қаласы әуежайының қосымша терминалы құрылысының жобалаусметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын баяндады. Қазіргі инфрақұрылымды ескере отырып, нысандар сағатына 125 жолаушыға қызмет көрсететін болады. Жалпы, өткен жылы өңірге 2 млн демалушы келген, 17 жаңа туризм нысаны іске қосылып, 3,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылған. Туризм саласын одан әрі дамыту үшін Үкімет басшысы инвестиция тарту және тиісті инфрақұрылым құру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.