ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАРТУЫН ТАБЫСТАДЫ

0

Жуырда Мемлекет басшысы «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында Жамбыл облысындағы ауыл кітапханаларына кітап сыйлаған болатын. Оның ішінде Қордай ауданы, Әлжан ана ауылына қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат Балжан Бөлтірікованың 103 жылдығы аясында сый кітаптар жіберді.

Осыған орай Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Әйгерім Қылышбекова Әлжан ана ауылдық кітапханасында ауыл тұрғындарымен кездесіп, Президенттің тартуын табыс етті. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, ауылдың сыйлы ақсақалдары мен жастар қауымы қатысты. Кездесу барысында сөз алған Әйгерім Дәуленқызы бүгінгі таңда Мемлекет басшысының ауылдық кітапханаларға ерекше қамқорлық көрсетіп жатқандығын тілге тиек етті. Кітапханының тұрақты оқырманы Тұрсынғали Ізбасаров, ардагерлер кеңесінің мүшелері Жұмақадыр Тәжиев, Ермаханбет Иманғалиев және студент жастар Президенттің кітапханаға тарту еткен сыйлығына үлкен алғыстарын айтып, бұл игі бастама жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылытарын арттыруға септігін тигізетінін жеткізді.

Айта кетейік, ауыл кітапханасына қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, сұранысқа ие авторлардың шығармалары топтастырылған 100 кітап сыйға тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.