ПРОБАЦИЯ КҮШЕЙТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕ

0

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, полиция есебінде тұрған адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу, сондай-ақ полиция бөлімшелері мен пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында, 2023 жылдың 15-25 мамыр аралығында Қордай ауданы аумағында «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар тарапынан қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында Пробация қызметі күшейтілген кезеңге көшірілді. Қазіргі таңда Қордай аудандық пробация қызметінде 128 тұлға есепте тұр. Аталған санаттағы тұлғалардың мекенжайын аудандық ПБ қызметкерлерімен және ҚР ІІМ «Ақпараттық сервис», іздестіру жүйелері арқылы тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде бес тұлғаға ескерту жарияланып және есепте тұрған екі сотталғанға қатысты іс-құжаттар бас бостандығынан шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыруға ұсыным Қордай аудандық сотына жолданды.
Күшейтілген кезең қорытындысы бойынша оқыс оқиға орын алған жоқ, Қордай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қайта қылмыс жасау және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қатаң жазаланатынын ескертеміз.

Ғ.АБДИРАЗАКОВ, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Қордай аудандық ПҚ бастығы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.