ПРОБАЦИЯ КҮШЕЙТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕ

0

Жамбыл облысы ҚАЖД бастығының 2022 жылғы № 274 о/д бұйрығына сай ҚР ІІМ 2014 жылға 18 тамыздағы №517 бұйрығымен бекітілген бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдарды профилактикалық есепке алу және бақылау бойынша қоғамдық қауіпсіздік бөліністерінің ПҚ өзара іс-қимыл жасасу тәртібі туралы Нұсқаулықтың 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Қордай аудандық пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 2022 жылдың 13-23 қыркүйек аралығында аумақтарда «Пробация » атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар тарапынан қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында Пробация қызметі күшейтілген кезеңге көшірілді. Қазіргі таңда Қордай аудандық пробация қызметінде 155 тұлға есепте тұр. Аталған санаттағы тұлғалардың мекен-жайын Аудандық ПБ қызметкерлерімен және ҚР ІІМ «Ақпараттық сервис», іздестіру жүйелері арқылы тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 5-тұлғаға «Ескерту» жарияланып және есепте тұрған 2 сотталғанға қатысты іс-құжаттар бас бостандығынан шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыруға ұсыным Қордай аудандық сотына жолданды.
Күшейтілген кезең қорытындысы бойынша оқыс оқиға орын алған жоқ, Кордай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қайта қылмыс жасау және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қатаң жазаланатынын ескертеміз.

Ғ.АБДИРАЗАКОВ,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
Қордай аудандық ПҚ бастығы,
әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.