Қордай аудандық Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар «Жастар орталығы» ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысты. Мақсаты есепте тұрған сотталғандардың Қордай аудандық теологтің қатысуымен жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және теріс ағымдағы діндерден аулақ болуын, тура дінді таңдауын түсіндіру. Мамандар қатысушыларға теріс ағым жетегінде кеткендер Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен жазаға тартылатындығын жеткізді. Жиында бұрын сотты болғандардың қайтадан қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеуін қадағалау, азаматтық, адамгершілік, өнегелік, отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу, қабілетін арттыру бағыты бойынша да қосымша түсініктеме берілді.
А.МАМЕДАЛЫ, Қордай аудандық ПҚ
инспекторы, әділет лейтенанты