«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде

0

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде

ҮНДЕУ

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес (11.02.2026 ж. № 1170) 2026 жылғы 15 наурызда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді.
Қазіргі уақытта азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан референдумға байланысты үгіт жұмыстары жүргізілуде (Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-бабының 1-тармағы, бұдан әрі – Конституциялық заң).
Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына және Референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сай (Орталық референдум комиссиясының 12.02.2026 ж. № 6/10 қаулысының 3-тармағы) үгіт жүргізу 2026 жылғы 14 наурыз сағат 00:00-де аяқталады.
Бұл ретте референдум қарсаңындағы күні мен референдум өткізілетін күні, яғни 2026 жылғы 14 және 15 наурызда үгіт жүргізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референдум нәтижелеріне болжамдарды, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға жол берілмейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.