Психологиялық тренинг – қарым-қатынасты нығайтады

0

Гвардейск гарнизонында 82796 әскери бөлімінің сарбаздарымен сенімділік, ұжымдастыру, тақырыптары бойынша тренинг іс-шарасы өтті.

Тренинг барысында қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындады және шешім қабылдап, әрекет жасауды үйренді. Сондай-ақ, сарбаздардың моральдық-психологиялық жағдайлары жақсарып, бір-бірімен достықтары арта түсті.

Жалпы тренинг практикалық және теориялық болып екі түрге бөлінеді. Практикалық тренингтер қатысушыларға тақырыпқа сәйкес мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Әдіс-тәсілдер белгілі бір шеңберде ғана қолданылады. Мұндайда мәселенің мән-жайын анықтауға теориялық тренингтер көмектеседі.

«Тренинг іс-шарасын жоспарға сәйкес және жоспардан тыс әртүрлі тақырыптарда жүргізіп отырамыз. Тренинг – сарбаздарды моральдық-психологиялық тұрақтылықты сақтауға, бейімділік пен сенімділікті арттыруға және бір-бірімен ұжымдастыруға үйретеді», — деді әскери бөлім психологы гвардия аға лейтенанты Болат Тұрсынбеков.

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.