27 тамыз — 3 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Sadu Arena» спорт кешенінде қол күресінен ересектер, кадеттер, жастар мен жасөспірімдер арасында 44-ші әлем чемпионаты басталды.
Байрақты бәсекеге 50 елден салмақ дәрежесі бойынша 1000-нан астам қол күрес шеберлері жиналды.
Сонымен қатар, Қазақстанның ел намысын 178 спортшы қорғауда.
Сол байрақты бәсекеге өзіміздің жерлесіміз Джаналиева Раушан +70 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарына дес бермей жеңіп, екі дүркін Әлем чемпионы атанды.
Айта кетсек, Джаналиева Раушан 2023 жылы Гвардейский қалашығындағы №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебін бітіріп, Тараз қаласының М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің грант иегері атанып, оқуға түсті. Сонымен қатар, қол күресінен жаттығуын Тараз қаласында жалғастыратын болады.