Жолдауды түсіндіру тобы Қақпатас ауылдық округінде болды.

0

Мемлекет басшысының Жолдауының маңыздылығын аудан тұрғындарына түсіндіру, насихаттау мақсатында құрылған топ мүшелері Қақпатас ауылдық округінде болды.

Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұл ауыл тұрғындары алдында Жолдаудың маңыздылығына тоқталып, онда айтылған міндеттер мен тапсырмалардың аудан, ауыл көлемінде орындалу жайын сөз етті. 

Сондай-ақ, ұлтаралық тұрақтылықты сақтау, қоғамның бірлігін нығайту бағытындағы тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.