«Республика күні» мерекесі аталып өтті

0

Гвардейск гарнизонында «Республика күні» мерекесіне орай іс-шаралар өтті.

Әскери бөлімдерде «Республика күні» мерекесіне орай салтанатты митинг өтті. Салтанатты шарада еліміздің Мемлекеттік Әнұраны орындалды және әскери қызметшілерге алғыс жарияланып, грамоталар табыс етілді. Сондай-ақ, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақта әскери қызметшілер мен гарнизон тұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шарамен бірге ұштасып Бауыржан Момышұлы атындағы 43-ші орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында ерлік сабағы да өтті.
Шараға гарнизон бастығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, заң қызметінің бастығы, Отар ауылы әкімінің орынбасары және Ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Ерлік сабағының мақсаты оқушыларға «Республика күні» ұлттық мерекеміздің тарихы мен маңызын түсіндіре отырып, оларды Отансүйгіштікке тәрбиелеуге, патриоттық сезімдерін оятуға және рухани тәрбие беруге бағытталды.
Сабақ барысында еліміздің тарихы мен маңызы, бейбіт өмірдің мәні, тәуелсіздіктің қадірі және қоғамдық тәртіп жайлы айтылды. Сондай-ақ оқушылардың болашағы мен олардың Отан алдындағы міндеттері туралы түсінік берілді.
«Республика күні» мерекесі қарсаңында әскери қызметшілер марапатталды. Бұл мерекенің тарихы мен маңызын Қазақстан Республикасының әрбір азаматы білуге тиіс. Отансүйгіштік – рухтың аса бір қасиетті тірегі. Ел намысын қорғайтын жастарды патриотизмге тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің патриоттық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Оқушылардың көкейіне рухани ой сала білсек, елге адал қызмет ететін нағыз патриоттарды тәрбиелейміз, — дейді Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Ержан Мейрманов.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.