Республикада топ жарды 

0

Бала күнінен білімге, оның ішінде сөз өнеріне деген құштарлық қордайлық Әмірхан Берікбайды жеңіс жолдарына жетелеуде. 

Республикалық көркемсөз шеберлерінің «Сөз маржан» Collaboration Fest тақырыбындағы байқауының аудандық кезеңінде I орынды жеңіп алған 3 сынып оқушысы Берікбай Әмірхан облыстық кезеңде жеңімпаз атанып, республикаға жолдама алды.

Жас талант ол жақтан да жеңіс туын желбіретті. «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда өз қатарластары арасында оза шапқан Әмірхан ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Осы орайда айта кетерлігі, Әмірхан Берікбайдың осы байқаудың аудандық кезеңіне қатысуы барысында «Қордай шамшырағы» газетінде шағын өлеңі жарияланған болатны. Бұл да жас балақай үшін үлкен жеңіс.

«Шыңғыс» бастауыш мектебінде білім алған, қазір Б.Бөлтірікова атындағы мектепте білімін жалғастырып жатқан жас білімпазға тек жақсылық тілей отырып, биік шыңдарды бағындыруда қанатың талмасын дегіміз келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.