1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса!» ұранымен ұйымдастырылады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылының дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.
Құрметті аудан тұрғындары, белсенділері, бизнес өкілдері сіздерді аталған акцияға барынша атсалысуға шақырамыз!
Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар болған жағдайда білім бөлімінің «жедел желі» нөміріне хабарласуға болады.
Байланыс телефондары: 8 (72636) 2-10-43.