«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік» Республикалық акциясына орай Әлжан ана ауылының мәдениет үйінде семинар өтті. Оған Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, Қордай ауданының прокуроры Серік Сабыр, аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ бастығы Е.Бекқұлов, қоғамдық кеңестің төрайымы Баян Қарамолдаева қатысты.
Семинарда «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің директоры Шынаркүл Бейсенбаева «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік» акциясының мақсаты мен міндетіне тоқталып, акция аясында өткен шаралар бойынша есеп берді. Сонымен қатар «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің 1 жылда атқарған жұмысы бойынша бейнеролик көрсетілді. Осыдан кейін «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің психологы Бердалиева Ақілгек «Буллинг және кибербуллинг» туралы ақпарат берді.
Жыл сайын өтетін 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» Республикалық акциясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шаралармен халықты таныстырып, ақпараттандырып қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілді. Азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, халықтың бұқара тобына отбасына қатысты зорлық-зомбылықтын алдын алу, ескерту, жолын кесу, зорлық-зомбылық көрген адамдармен жеке-профилактикалық жұмыстары жүзеге асырылды.
Қызғылт-сары түс Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша бақытты, зорлық-зомбылықсыз өмірдің символы. Бүкіл әлем бойынша акцияның ұйымдастырушылары қызғылт-сары шарф, бас киім, көйлектер мен кеудешелер киіп, әйел мен балаға жасалатын зорлық-зомбылықты түбімен жою мақсатында және зорлық-зомбылықты болдырмау жолдарын іздеп, тоқтату барысында жұмыстар жүргізілді. Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу 16 белсенді күнге созылды.
25 қараша күні «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-де «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» Республикалық акциясының ашылуы болды. Іс-шараға Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Кинжеханова Диляфруз қатысты.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік» акцияның басынан Қордай аудандық ауруханасының қызметкерлерімен зорлық-зомбылыққа қарсы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Кенен ауылының №42 Қашағанов атындағы мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен, «Береке» Гуманитарлық-Техникеалық, «Қордай» гуманитарлық-эканомикалық колледж студенттерімен лекция тренинг өткізілді, лекция-тренингке Қордай АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы Н.Басова қатысты. Кенен, Отар ауылы мен Гвардейск қалашығының әйелдер кеңесімен зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында жұмыс жүргізілді. «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында видео түсірілді. Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде қызметкерлері мен оқырмандармен дөңгелек үстел өткізілді. ХҚКО-ның қызмет көрсету залында халықпен ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. «ҚР ҰКШ ШҚ Жамбыл облысы департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы» Қордай шекара Қарасай, Сортөбе бөлімшелерінде қызметкерлер мен қалашықтың тұрғындарымен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында жұмыстар жүргізілді.