2024 жылдың аяғында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған басымдықтарды қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР Құрметті азаматы» атты республикалық байқауы соңына жеткен болатын.
Аталмыш байқауға қатысқан жерлесіміз, танымал журналист Ақын Ордабайұлы жеңіс тұғырынан көрініп, І Дәрежелі диплоға ие болған еді.
Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету мақсатында үлкен жұмыстар атқарып отырған «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы жасаған таңдау дұрыс, марапат өз иесін тапты деп білеміз. Ақпарат айдынында елеулі ізі, ойып алар орны бар Ақын Ордабайұлын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!