Жамбыл облысында 2025 жыл «Әулиеата – кітап оқитын өңір» деп жарияланды. Жобаның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру еккні анық. Осыған орай Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі жаңа әдебиеттермен толықты. Сіздердің назарларыңызға келіп түскен әдебиеттерді ұсынамыз.
- Ауғанстан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жалмаханов Шапағат Шарапатұлының «Тынышпаев Мұхамеджан. Қазақ халқының тарихы» атты жинақта ұлы қайраткер, қазақ тарихының, мәдениетінің, тұрмысынын және қазақ рулары шежіресінің ірі білгірі Мұхамеджан Тынышпаевтың көсемсөздері, ғылыми еңбектері мен өлкетану зерттеулері берілген.
- «Жеңіс Туын желбіреткен – Рақымжан Қошқарбаев» фотальбомында қазақ халқының Қаһарман халық Перзенті Рақымжан Қошқарбаевтың жастық шағы мен майдандағы қан кешкен күндері, бейбіт замандағы өмірі кең тарихи панорамада қамтылған.
- «Сағадат Нұрмағамбетов халық қаһарманы №1» фотальбомында Қазақстан Республикасының Бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы, атақты әскери қолбасшының өмірі мен қызметі жайлы қазақша және орыс тілінде берілген.
- Белгілі жазушы-журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қайым-Мұнар Табеевтің оқырмандар назарына ұсынылып отырған «Ең соңғы майдан» атты кітабы осының алдында жарық көрген «Құйынға түскен ғұмыр» кітабының жалғасы. Бұл кітапта өр кеуделі қазақтың Желтоқсандағы ұлы күрескерлік рухы суреттелумен қатар, Шаңырақ, Жаңаөзен, Қордай, Алматыдағы Қаңтар оқиғаларының арасындағы көзге көрінбейтін ортақ байланыстар да қамтылады.
- Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, жазушы Қуандық Түменбай. «Менің көзім арқылы: эсселер, портреттер мен мақалалар» жинағы атақты диқан Ы.Жақаев пен шопан Ж. Қуанышбаевтың еңбекке деген адалдығын, қаламгер-қайраткер Ш. Мұртаза мен ұлт патриоты А. Сәрсенбаевтың кісілік келбетін паш етеді. Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі мен болашағы, туған жер тұғырын биіктетуге арналған шығармалар берілген.
- А. Нугуманова. «100 өнер қыраны»: зерттеу, мақалалар кітабында халықтың рухани мәдениетінің ірі өкілдері «100 өнер қыранының» өмірі мен өнерпаздығына қатысты әдеби деректер берілген. Көне ғасырда өмір сүрген Қорқыт, ХІІ ғасырда Кетбұға; Асан-Қайғы, Ақтамберді, Бұқар жырау, Махамбет, Құрманғазы, Мұқан Төлебаев, Шәкен Айманов, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов және т.б.
- Ғалым, жазушы С.Негимовтың «Абайдың даналығы: Монография. Монография Абайтану іліміне ынтызар жалпы оқырманға, сондай-ақ білім, ғылым, мәдениет саласы мамандарына, білім алушыларға арналған.
- Белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбектің «Мылтықсыз майдан: Ұлттың намысын көтерген чемпиондар, олардың ұстаздары, спорттағы өзекті проблемалар» тарихи-деректі жинаққа атақты спортшылар мен олардың бапкерлері туралы, қазақстан спортының өзекті проблемаларын қозғаған талдау-сараптау мақалалар енді.
- Ахматова Анна. «Жарылыс»: өлеңдер. Орыс әдебиетінің «Күміс ғасыр» кезеңіндегі поэзия жылнамасы, бірегей талант Анна Ахматованың әр жылдарда шыққан өлеңдерін қазақ ақыны, танымал аудармашы А.Ақынбаеваның орыс тіліндегі тұпнұсқадан жасаған аудармасымен қазақ тілінде бірінші рет жеке кітап болып жарық көріп отыр
- «Үздік шетел әдебиеті» сериясымен шыққан Браун Дэн. «Да Винчи коды» романы оқырманның беймәлім құпияның ашылуының куәсі болуға итермелейді. Шиеленіскен түрлі оқиғалар мен құпиялар сіздерді шытырман оқиғаларға апарады.
Балаларға базарлық:
- Белгілі ақын Р. Қосбармақтың «Жалқаудың жазасы» кітабына әр жылдары жазылған ертегілері мен әңгіме, өлеңдері топтастырылған. Шығармалар жас өреннің ой-өрісін кеңейтіп, әдептілік пен ізгілікке тәрбиелейді, еңбекқорлық пен адалдыққа баулиды.
- Сахариев Е. «Балдәуренді бала шақ». Бұл жинаққа Отан, туған жер, халықтық салт-дәстүр, ата-ана және достық тақырыбындағы жырлар топтастырылған.
- Белгілі балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Тілеуғазы Бейсембектің «Ақылды піл»: Хикаяты – піл мен қасқырлардың мінездері мен ойлау қабілеттері туралы баяндайды. Жас оқырмандарын ұлтымыздың салт-дәстүрімен, ауыл және қала тұрмысымен таныстырады.
- Естен А. «Алаш – біздің атамыз: Балаларға арналған өлеңдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, әпсаналар мен дастандар.
- Ахметұлы Д, Таң арайы: Хикаяттар, әңгімелер, ертегілер. Жинақтың мақсаты жас жеткіншектерді отаншылдыққа, патриотизмге, табиғат ананы әспеттеуге деген қызығұшылығын арттыру,
- Әлжантегі Т. «Базарлық»: Балаларға арналған әңгімелер мен ертегілер кітабы жас өскіндер бойына адамгершілік пен айналасына деген мейірім шапағатын сіңіруге ден қояды.
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерге аудандық кітапхана есігі әрдайым ашық. Келіңіздер! Алыңыздар! Оқыңыздар!