РУХАНИ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Қордай ауданындағы «AMANAT» партиясының филиалы мәдениет және өнер саласының мамандарын құттықтау шарасын өткізді. Бұл іс-шара ауданымыздың мәдениет саласы өкілдерін, шығармашылық адамдарын ынталандыру, олардың еңбегін бағалау мақсатын көздейді.
Шараға партия филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет және басқа да қонақтар қатысты. Партия төрағасы Бейқұт Жамангозов өнер мамандарына арнаған сөзінде:
«Сіздердің еңбектеріңіз қоғамда үлкен рөл атқарады. Мәдениет пен өнердің дамуында өз іздеріңізді қалдырып, ұлттық құндылықтарды насихаттап келесіздер», — деп атап өтті.
«Біздің ауданның мәдениетіне жарық шашатын сіздердің еңбектеріңіз ешқашан еленбей қалмайды. Сіздер шығармашылықпен айналысып, өз таланттарыңызбен ұрпақтарымызға өнеге көрсетіп келесіздер. Мәдениет – халықтың жаны, ал сіздер сол жанды алып жүресіздер. Біздің ұлттық мәдениетімізді сақтап, дамытудағы рөлдеріңіз өте жоғары. Сіздерге алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілеймін», — деді Қоғамдық кеңес төрағасы сөз кезегін жалғап.