Сұлутөр ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер МӘДИ Нұрланның САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

ӨМІРБАЯН

Мәди Нұрлан 1982 жылы 21 желтоқсанда Қырғыз Республикасының Талас қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Бишкек жоғары әскери училищесін «Электрленген және пилотты-навигациялық кешендерді техникалық пайдалану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2013-2019 жылдары Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің аға офицері болып бастаған.

2019-2024 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы.

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы.

Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Сұлутөр ауылдық округінің тұрғындары! Егер мен сіздердің сенімдеріңізге ие болып, Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, алдағы 4 жылда төмендегі мәселелерді шешуге өзімнің бар күш жігерімді салатын боламын.

  1. Сұлутөр ауылындағы кейбір көшелердің тұрғындары жаз мезгілінде ауыз судан таршылық көретінін білеміз. Ол мәселені аудандық атқарушы билік өкілдері де біледі. Ауылға әкім болып сайланып жатсам, тұрғындардың сапалы әрі таза ауыз суды пайдалануына ықпал етуге қолымнан келгенше іс қылмақпын.
  2. Ауыл жастарын мамандығына сай жұмысқа орналасуына ықпал ету. Техникалық және өндіріс саласы бойынша мамандығы бар ауыл жастарын ауданымыздағы іргелі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  3. Ауылдағы көше тазалығын қалыпты ұстау, ауыл көшелерін жарықтандыру, ауылішілік көшелерге тұрақты күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру да басты көздеген жұмысымның реті болмақ.
  4. Қазір шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысамын деген тұрғындарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектер көп. Сондай көмектерді ауыл тұрғындарына түсіндіріп, шағын және орта кәсіптің барынша дамуына қолғабыс етсем деймін. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының төменгі пайызбен несие алуына, қайтарымсыз грант қаражаттарына қол жеткізуіне көмектессем деген ниетім бар.
  5. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды, көп балалы аналарды және осал топтарға жататын азаматтарды қолдауға арналған шаралардың іске асырылуын назарға алып, жұмыс жасасам деймін.

Құрметті сайлаушылар! Таңдауыңыз өз еркіңізде! Сіздерді сайлауға міндетті түрде келіп, дауыс беруге шақырамын. Себебі сіздің дауысыңыз әрбір кандитат үшін маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.